17 ақпанда «Жастарды қолдау – тұрақтылық пен орнықты дамудың негізі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың Жамбылдың студент жастарымен кездесуі өтті.
Аталған шара М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Байжұманов Мұхтар Қазбекұлының кіріспе сөзімен басталып, ҚР Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлының және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлының сөзімен жалғасын тапты.
Кездесу аясында шара қонақтары жастармен пікір алмасып, олардың көкейіндегі түрлі сұрақтарға жауап берді.