«Студент және сахна» республикалық фестивалі өтті

0
861

21-22 сәуірде Абай университетінің 95 жылдығына орай студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мен жастардың бойына ұлттық әрі рухани құндылықтарды сіңіру мақсатында студенттік театрлар арасында «Студент және сахна» республикалық фестиваль өтті.

21 сәуірде республикалық фестивальдің ресми ашылу салтанаты театр фестивалдерінің салтанатты символына айналған қызыл кілеммен жүріп өту дәстүрімен басталды.

Қызыл кілем төріне әсем қаламыз Алматыдан бөлек, Шымкент, Тараз, Орал қаласының жоғары оқу орындарының театр ұжымдары шақырылып, фестиваль қатысушыларын ерекше құрметпен қарсы алды.

Шығармашалық фестивалідің әділқазы мүшелері де арнайы ілтипатпен қызыл кілемге шақырылып, қатысушы студенттік театрларға таныстырылды. Әділқазы құрамы әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шынғыс Нұрланов, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері, әнші Ерден Жақсыбек және аталмыш театрдың актрисасы Нұргүл Мыңғатова, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әдебиет бөлімінің қызметкері, жазушы-драматург Жақсылық Мұратбек және университетіміздің музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі Көшербаев Жанболат сынды кәсіби мамандарман құрылды.

Ресми ашылу салтанатынан кейін фестивальге қатысушы театр ұжымдары арасында өзара достық қарым-қатынас құру және олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы «Шеберлік сағаты» өтті.

Практикалық жаттығуға негізделген шеберлік сағатты театр және кино актері Нұрсұлтан Сыдық және «Сахна тілі» курсының авторы, актер Нұрлан Сағынай жүргізді.

«Шеберлік сағаты» қызықты әрі кәсіби дағдыны дамытуға негізделгендіктен, қатысушылар тарапынын жоғары қызығушылыққа ие болып, театр ұжымдарына шеберлік сағатына қатысқанын растайтын сертефикаттар табысталды.

22 сәуірде республикалық фестивалі театрлық қойылым кезеңімен жалғасты. Фестивальдің негізгі бөлімінде спектатальдар «Алатау» дәстүрлі өнер театрында сахналанды.

Ақтық кезеңде М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Мұрагер» студенттік театры, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Өркен» студенттік театры, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулати жастары» студенттік театры, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «8848» студенттік театры және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дебют» студенттік театры өз өнерлерін көрсетті.

Фестиваль ережесіне сәйкес студенттік театр ұжымдары қоғамдағы әлеуметтік мәселелер туралы тақырыпта өте әсерлі спектакальдар қойды. Қойылымдар көрермен үшін өте қызықты әрі әсерлі болды.

Доданың қортынды бөлімінде фестивальдің әділқазыларының шешіміне сәйкес «Үздік ер адам бейнесі» номенациясын «Мұрагер» студенттік театрының актері Мырзағалиев Ерсұлтан иеленсе, «Үздік әйел адам бейнесі» «Өркен» студенттік театрының актері Елшібек Шұғыла және «Үздік режиссура» номенацияларын аталмыш театрдың режиссері Жолдасов Еркебұлан иеленді.

Жүлделі III орынды «Ұйқым келмейді» спектаклімен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «8848» студенттік театры, II орынды «Қиянат» спектаклімен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулати жастары» студенттік театры иеленді. Жүлделі I орынды «Көксерек: заманауи инсценировка» қойылымымен Оңтүстік Қазақстан университеті «Өркен» студенттік театры фестивальдің жеңімпазы атанды.

Фестиваль жеңімпаздарына Абай университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Д.Н.Біләловтың арнайы дипломдары, университеттің қаржылай сертификаттары мен брендтік сыйлықтары табыс етілді.

«Студент және сахна» республикалық студенттік театрлар арасындағы фестиваль келесі жылы да өз жалғасын тауып, дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болды. Бұл өз тарапынан шығармашыл жастарға үлкен тәжірибе мен кәсіби шыңдалуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here