Сенатор халықаралық экологиялық конгреске қатысты

0
269

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова «Экология: құқық, артықшылық емес» тақырыбымен өткен Нева халықаралық экологиялық X мерейтойлық конгресіне қатысты.

Сенатор табиғатты қорғау мен табиғатты пайдалану, экологиялық заңнаманы үйлестіру жөніндегі парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, халықаралық экологиялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесудің өзекті мәселелерін басқа елдерден келген әріптестерімен бірге талқылады.

Сенатор сонымен қатар «Су – болашақтың басты ресурсы: су нысандарын экологиялық сауықтыру саласындағы кешенді басқару тәжірибесі», «Орман – ғаламшар өкпесі» және «Экологиялық әл-ауқаттың кепілі ретінде мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіру» тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдерге қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here