ЕҚЫҰ парламентшілері өзекті мәселелерді талқылады

0
369

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «Демократиялық және инклюзивті қоғамдарды дамыту арқылы өңірлік қауіпсіздікті нығайту: ЕҚЫҰ ПА-ның рөлі» тақырыбындағы жыл сайынғы 30-шы сессиясы Ванкуверде (Канада) өтіп жатыр.

ЕҚЫҰ аймағындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде киберқауіпсіздік, терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мәселелері Ассамблеяның Тұрақты комитеті мен Жалпы комитеттерінің отырыстарында, сондай-ақ оның жалпы отырысында талқылануда.

Парламентшілер халықаралық қатынастардағы дағдарыс жағдайында Ұйымның міндеттерін жақсартудың оңтайлы жолдарын іздестіруді назарға алып отыр.

Отырысқа қатысқан Парламенттік ассамблея төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров парламентшілерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымымен таныстырды.

Канаданың парламенттік делегациясымен кездесу өтіп, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстандық сенатор ЕҚЫҰ ПА-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі арнаулы өкілі ретінде ОДМ аясында басқару мен маңызды шешімдер қабылдауға жастардың нақты қатысуын ілгерілетуге шақыра отырып, «Болашақ ұрпақ» қарарының сабақтас авторы болды.

Сессия қорытындысы бойынша қорытынды құжат – Ванкувер декларациясы қабылданды және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының басқару органдарының сайлауы болды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here