Ертең, 23 қарашада, Астана уақытымен сағат 12:55-те республика бойынша халықты құлақтандыру сиреналары іске қосылады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, ел бойынша бір мезгілде құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі. Ол үшін электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, телевидение және радиоға қосылу жүргізіледі.
Іс-шара «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізілгелі отыр.