Бала асырап алғандарға талаптар

0
656

Елімізде бала асырап алу үшін кейбір құжаттарды электронды форматта тапсыруға болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанда өз азаматтарымыз үшін бала асырап алу рәсімі өте қарапайым. Бала асырап алуға ниет білдірген азамат қорғаншылық немесе қамқоршылық органына мына құжаттарды ұсынады: өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттар, отбасылық жағдайы, денсаулығы және сотталмағаны туралы анықтама, жақын туыстарының келісімі, баспанасы бар екенін дәлелдейтін құжат және табысын растауы керек», – дейді министрліктен.

Ақпаратта айтылғандай, бүгінгі күні құжаттардың бір бөлігін электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет түрінде алуға болады, бұл құжат жинау уақытын қысқартады. Сонымен қатар, құжаттарды электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады. Бала асырап алуға үміткер ретінде танылып, баланы таңдағаннан кейін олар 2 апта жақын қарым-қатынаста болады.

Шетел азаматтары 16 атаудан тұратын құжаттар пакетін ұсынады және баламен 4 апталық қарым-қатынастан өтеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here