Оңтүстік Кореяда иттерді жеуге ресми түрде тыйым салынды

0
428

Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы 9 қаңтарда иттерді жеуге, оларды етке өсіруге, союға және сатуға тыйым салатын заң қабылдады. Оған 208 депутат жақтап дауыс берді, екеуі қалыс қалды. Бұл бірнеше ондаған жылдар бұрын танымалдылығын күрт жоғалта бастаған иттерді жеу тәжірибесін тоқтатады.

Тыйым салуды бұзғаны үшін жаза 2027 жылдан бастап толық күшіне енеді. Яғни, бұл екі жылға дейінгі түрме жазасы немесе 30 млн вонға дейінгі айыппұл (шамамен 22,8 мың доллар). Алдағы үш жылда елде жеңілдетілген өтпелі кезең енгізіледі. Оның барысында ит терісін өндіру бойынша бизнеске қатысушылар қызметін қысқартуға міндетті.

Мемлекеттік статистикаға сенсек, Оңтүстік Кореяда 1 150-ге жуық ит фермасы және оны сою алаңы, 34 ит етін өңдейтін кәсіпорын, 219 ет шикізатының мамандандырылған дистрибьюторы мен мәзірде ит тағамдары бар 1,6 мыңға жуық мейрамхана бар.

Жануарлар құқығын қорғаушылар Ұлттық Аассамблеяның шешімін құптады. Ал, бұл заңды қабылдау Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль сайлау алдындағы бағдарламасы болатын. Мемлекет басшысы жұбайы Ким Кён Химен бірге төрт ит пен үш мысықты ұстайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here