Франция үкіметін 34 жастағы Габриэль Атталь басқарады

0
219

Бүгін, 9 қаңтарда 46 жастағы Франция президенті Эммануэль Макрон жаңа премьер-министрдің есімін атады. Енді үкіметті 34 жастағы білім министрі Габриэль Атталь басқарады. Өйткені,  дүйсенбіде 63 жасқа қараған шағында Элизабет Борн отставкаға кетті.

Расында, Габриэль Атталь Франция тарихындағы ең жас премьер атанды. Осылайша, ол 1984 жылы 37 жасында үкімет басқарған Лоран Фабиусты айналып өтті. Габриэль Атталь 1989 жылы 16 наурызда Париж маңындағы Кламар қалашығында дүниеге келген. Оның әкесі Ив Атталь Тунис елінің еврей отбасынан шыққан. Адвокат. Ал анасы православ христианы Мари де Курисс Одессадан Францияға қоныс аударған ақ эмигранттар отбасынан шыққан. Габриэль Аттальдың үш әпкесі бар.

Габриэль Атталь 2013 жылы Саяси зерттеулер институтын (Париж) аяқтаған. Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бар. Ол өзінің саяси мансабын Социалистік партия қатарынан бастады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here