Қалдықтарды түгендеу есебін уақытысында тапсыру туралы

0
724

Алматы қаласы бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 384 бабына сәйкес объектілердің операторлары (меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектісі бар жеке немесе заңды тұлғалар) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті ұсынуға міндетті екенін естеріңізге салады.

Есеп жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз тасығышта және (немесе) электрондық нысанда оны қалдықтардың мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде толтыру және ақпарат беруге жауапты объект операторының лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы ұсынылады. ҚОҚ ЕИС кіру үшін сілтеме: (http://oos.ecogeo.gov.kz/).

Есеп Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 қарашадағы № 14 «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес толтырылады.

Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті тапсырмағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 327-1 бабының 1 тармағына және 344 баптың 3 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 239 11 24 телефонына немесе Алматы қаласы, Абай даңғылы, 32, №226 каб. мекен жайы бойынша хабарласуыңызға болады.

Н.Ж.Бөлекбаев,
Алматы қаласы бойынша экология департаментінің
мемлекеттік экологиялық инспекторы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here