Швейцарияның оңшыл консервативті халық партиясы (SVP) Конституцияға елдің бейтараптығын бекітетін түзетулер енгізуді референдум арқылы шешеді. «Швейцария енді бейтарап мемлекет ретінде қабылданбайды» деп санайтын SVP өкілдері Конституцияда екі ғасырдан астам уақыт бойы ұстанған елдің бейтараптық қағидаты екі дүниежүзілік соғысқа қатысудан аулақ болып, қақтығысушы елдер арасындағы делдал ретінде халықаралық беделге ие болғанын айтады.
Елдің бейтараптығын сақтауды жақтаушылар федералдық кеңсеге референдум өткізу пайдасына 132 780 қол жинап, дауыс беруге дайындықты бастау үшін қажетті жүз мыңдық межені оңай еңсерді.
Швейцария Еуропалық одақ пен Солтүстік атлантикалық келісім ұйымына (НАТО) кірмейді, бұл оның Украина-Ресей қарулы қақтығысында Киевтің жағында болуына кедергі келтірмеді.
Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ