Әкімшілік кодекс Масс-медиа туралы заңмен сәйкестендіріледі

0
240

Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізетін ілеспе заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Құжатты таныстырған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Масс-медиа туралы жаңа заң Әкімшілік кодекстің екі бабына өзгерту енгізуді талап ететінін мәлім етті.

«Оның негізгі мақсаты – Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің талаптарын жаңадан қабылданатын Масс-медиа туралы жаңа заңға сәйкестендіру. Атап айтсақ, кодекстің 451 және 452-баптарын бір бапқа біріктіруді көздейді», – деді министр.

Нақтырақ айтсақ, кодекстің қазіргі қолданысында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу жеке баппен, телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу мәселесі бөлек баппен реттеледі. 452-бапта «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңды бұзу мәселесі көрініс тапқан. Аталмыш заңның күші жойылатындықтан, 451-баппен біріктіріліп отыр. Депутаттар аталған ұсынысты екі оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here