Жайықта су деңгейі көтеріліп, Есілде төмендеп келеді

0
229

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты.

«Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Қапшықтар төсеу, қорғау бекеттерін салу және су басқан аймақтарда су айдау жүргізіліп жатыр. Алдын ала эвакуацияланған тұрғындар эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйілерінде. Сонымен қатар, жануарлар да құтқарылуда. Өңірде барлығы 1,2 млн-нан астам қапшық 22 мың тонна инертті материал төселді», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, Атырау облысында 1 апта ішінде Жылой ауданының Құлсары қаласында жылжымалы сорғы станса көмегімен 86 мың текше метрден астам су сорылды.

«Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Есіл өзені суы деңгейінің төмендеуі байқалады. Осы уақытта 24 496 адам үйлеріне оралды. 8 850 адам, оның ішінде 3 840 бала эвакцациялық пункттерге жайғасқан. 4 680 тұрғын үй және 2 774 аула аумағында су бағыты бұрылып, су сорылды. 11,5 млн текше метрден астам еріген қар су сорып шығарылды. 5,3 млн қапшық және 1,5 млн тоннадан астам инертті материал төселді», деді Асқар Шәріп.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here