«Мона Лизаның» Луврда жарты миллиард еуроға жеке бөлмесі болады

0
394

Атақты «Мона Лизаны» (1503-1505) көру үшін Луврдағы (Париж) ұзын-сонар кезектер көп уақытты алады, ал итальян суретшісі Леонардо да Винчидің (1452-1519) шедеврін көру мүмкіндігі бірнеше секундпен шектеледі. Бұл туристердің де, мұражай әкімшілігінің де наразылығын тудырады. Осыған байланысты картинаны «бөлек бөлмеге көшіру» туралы сұрақ туындады. Бұл туралы Euronews.com хабарлады.

«Мона Лиза» картинасы – әлемдегі ең танымал өнер туындысы. Аталған суретті көру үшін жыл сайын Франция астанасына 10 миллионға жуық қонақтар келеді. Дегенмен, туристер шедеврді көру үшін ұзын-сонар кезекте тұрып, сондағы суретті 30 секундтан артық көре алмайды. Оның үстіне, XVI ғасырдағы «Мона Лиза» қорғаныс шыны панелінің артында кішкене форматта ілулі тұр. Әрине, құнды дүниені француздар осылай қорғайды. Кезінде оған бірнеше рет қастандық та жасалды.

Мұражай директоры Лоуренс де Карстың айтуынша, «Мона Лизаның» жаңа үйі болады. Өйткені, келушілер оған тікелей бара алады, бұл Луврға кезектерді қысқартады. Леонардо да Винчидің шедеврін ыңғайлы және тиісті сақтық шараларымен қамтамасыз ету үшін жарты миллиард еуроға дейін қаржы кетеді. Францияның Мәдениет министрлігі Луврдың бастамасын қолдайды, енді Қаржы министрі Бруно Ле Мэрді көндіру ғана қалды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here