Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстарда 1800-ге жуық әскери қызметші жұмылған

0
285

27 наурыздан 30 сәуірге дейінгі аралықта ел аймақтарындағы су тасқынына қарсы күреске Қарулы күштерден барлығы 6 мыңнан астам әскери қызметші қатысты. Аумақтық қорғаныс бригадалары мен өңірлік қолбасшылықтардың жауынгерлері атқарған жұмыстардың ауқымы едәуір. Әскерилердің күшімен 2,2 млн-нан астам қап құм дайындалып, төселді. 

Жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға Әуе қорғанысы күштері тікұшақтарының және Ақтөбе қаласындағы ұшқыштар дайындайтын институттың экипаждары жұмылдырылды. Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында паром өткелі ұйымдастырылды. Су тасқыны кезеңінде әскери қызметшілер барлығы 3 475 адамды эвакуациялап, 235 тоннадан астам жүк тасымалдады. 

Атырау облысында әскери қызметшілер бөгеттерді, Жайық өзенінің айналасын нығайту және Махамбет, Жайсаңбай, Есбол, Еңбекшіл, Ақжайық, Ақтоғай, Жалғансай, Индербор, Есбол, Құрылыс, Өрлік, Көктоғай және Жарсуат елді мекендерін қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастырып жатыр. Құлсары қаласында олар 2,5 шақырым жағалауды тазартты. 

Жағалауды нығайту жұмыстары Рыбоходка өзегінің, Береке, Бесікті, Алмалы, Ақжар-Ақсай, Сарайшық, Талқайран және Геолог елді мекендерінің айналасында да жүргізілуде. 

Ақтөбе облысында радиациялық химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің мамандары Ойыл ауданындағы малдар көмілген жерлерді дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Әскери қызметшілер Лиман көлінің жағалау аумағын, Қобда өзенінің жағасын және Қобда ауданы Жарық ауылының су басқан жерлерін өңдеді.

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы өңірлерде жұмыс жүргізген жеке құрам тұрақты орналасу пункттеріне оралуда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here