Сенатта ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту туралы заңдар таныстырылды

0
179

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына «Ғылым және технологиялық саясат туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар таныстырылды.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңда бірқатар түзетулер бар. Олар тиісті қолдау бағдарламаларымен қаржыландырудың негізді болуы үшін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің дайындық дәрежесін айқындау тетіктерін енгізу, ғылыми-инженерлік кадрлық әлеуетті арттыру, жас ғалымдарға, ғалымдар мен академиктерге арналған әлеуметтік жеңілдіктермен қоса ғалым мәртебесін арттыру, сондай-ақ жаңа тетіктерді енгізу ұсынылатын ғылыми зерттеулердің негізділігі мен технологиялық дайындығын бағалау болып табылады.

Депутаттарға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар таныстырылды. Құжаттар ғылымның дамуын ынталандыруға және ғылыми-техникалық қызметтің тиімділігін арттыруға, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жеке инвестиция үшін неғұрлым кең салықтық және инвестициялық преференциялар беруге бағытталған.

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізілген және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізген жағдайда салық салынатын табыс шегерімге жатқызылған соманың 50 пайызына азаятын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here