Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек – Президент

0
1526

Бүгін, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 300 мыңға жуық оқырманы бар Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында (@TokayevKZ) арнайы жазба жариялады.

«Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here