Ұлттық ғылым академиясының ерекше мәртебесі

0
1669

Мемлекет басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына қол қойды. Бұл қабылданған жаңа заңға сәйкес ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жалғыз жоғары ғылыми ұйым болып табылады.

Аталмыш жоғары ғылыми ұйымы (бұдан әрі – Академия) ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым, экономика мен қоғамның стратегиялық маңызды мәселелерін шешу, ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу, еліміздегі ғылымды дамытудың басым бағыттарын анықтау мен енгізуге қатысу, ғылымның аса маңызды салаларында жүргізілетін іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында объективті, ғылыми дәлелденген деректер негізінде ғылыми-техникалық және басқа салалардағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдарын біріктіру мақсатында құрылған.

Ұлттық ғылым академиясы жоғары ғылыми ұйым ретінде төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • уәкiлеттi ұйым ретінде ҚР Президентiнiң жанындағы Ғылым және техника жөнiндегi ұлттық кеңестiң қарауына ұсынатын ғылым мен техниканы дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргiзедi;
  • бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жасайды;
  • ғылымның дамуы бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындайды және жүргізеді;
  • ғылым саласындағы жеке сыйлықтар мен шәкіртақыларға конкурстар өткізеді;
  • ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді;
  • ғылымды насихаттау, сондай-ақ Заңнама асында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Ғылыми-техникалық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясына жетекші шет елдердің үлгісі бойынша елдің ғылыми-инновациялық әлеуетін дамыту мен нығайтуға белсенді қатысуға, ғылыми философия мен академиялық ойды дамыту мүмкіндігін береді.

Сонымен, Ұлттық ғылым академиясы мемлекет әзірлеген ғылым мен техниканы дамытудың стратегиялық басым бағыттарын талдау және ғылым мен техниканы дамытудың перспективалық бағыттарын айқындауға белсене қатысады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here