15 шілде – елдік пен ұлтшылдық сыналған күн

0
275

Түркия мемлекетінде  2016 жылдың 15 шілдесінде орын алған опасыз төңкеріс әрекетінің сегіз жылдығына орай еске алу рәсімі өтті. Астанадағы Түркия Республикасының елшілігінде Коммуникациялық жөніндегі басқармасының үйлестіруімен өткен осынау шараға Қазақстан Ұлттық ұланынан генерал-майор Қайрат Үмбетов пен подполковник Талғат Нәшенов арнайы қатысты. Төңкерісшілердің қолынан ажал құшқан 253 шейіт бір минут үнсіздікпен еске алынып, артынан Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандары айтылды.

Рәсімге қатысқан Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілі Ережепов Әбілайхан қасиетті Құран Кәрімді оқып, одан кейін наиб-мүфти Ершат Ағыбай шейіттерге және екі елдің бейбіт тыныштығы үшін дұға жасады. Сондай-ақ сол күнгі оқиғалар мен «ФЕТО» лаңкестік ұйымының құрылымы мен қауіптілігін түсіндіретін видеолар көрсетілді.

Салтанатты шарада Түркияның Астанадағы елшісі Мұстафа Капучу сөз сөйледі.

«Фетуллахшы террор ұйымы – «ФЕТО» жоспарлаған 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетіне биыл сегіз жыл толды. Ұйым мүшелері Қарулы Күштердің басқару тізбегінен шығып, армиямызға сіңіп кетті. Төңкерістің салдарынан 253 азаматымыз шейіт болды, екі мыңнан астам азаматымыз жарақат алды. Осы орайда мен, шейіт болғандарымыз бен қаһарман ардагерлерімізді алғыспен және құрметпен еске аламын. Сол күні «ФЕТО»-ның мемлекетімізге төніп тұрған үлкен қауіп-қатері анықталды. Бұл қауіп-қатерді жоюдағы ең үлкен үлес өз еркімен ешқандай билікті мойындамайтынын, мемлекеттік және демократиялық жетістіктерін қорғау үшін жанын беруге дайын екенін көрсеткен түрік халқына тиесілі. Осы тұрғыда шетелдік әріптестерімізбен барлық байланыстарымызда «ФЕТО»-ның әрекетттері басқа елдердің қауіпсіздігіне орасан қауіп төндіретіні баса айтылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «ФЕТО»-ның террористік ұйым болуымен қатар, «культ» сипаты бар тыңшылық ұйым екенін және ол әрбір елге зардап шектіретінін атап өткім келеді. Ұзақ мерзімді екенін білетін «ФЕТО»-ны шетелде құрылымдау бағытында жұмысымыз табандылықпен жалғасады. Бауырлас Қазақстаннан күтетініміз – «ФЕТО»-ға қарсы жергілікті және халықаралық заң аясында тиімді күрес жүргізу», – деп атап өтті Мұстафа Капучу.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here