Опасыз төңкеріс әрекеті: 2016 жылғы 15 шілде

1
2071

2016 жылдың 15 шілдесі түні Түркияның демократиялық жолмен сайланған үкіметін құлату мақсатында опасыз төңкеріс әрекеті жасалды. Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТО) тарапынан ұйымдастырылған төңкеріс әрекеті Ыстамбұлдағы көпірлердің жабылуымен және танктердің көшеге шығарылуымен басталды.

Көптеген мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, атап айтқанда Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі, Президент Әкімшілігі кешені және Анкара қаласының полиция департаменті бомбаланды. Көп ұзамай бұл оқиға оқшауланған оқиға емес, үйлестірілген шабуыл екені белгілі болды.

ФЕТО-ның төңкеріс топтары еліміздің Президенті Реджеп Тайип Ердоған мырзаға қастандық жасау мақсатында шабуыл ұйымдастырды. Президентіміздің ұлттық телеарнадан көрсетілген үндеуімен халқымыз өз демократиясын қорғау үшін көшелерге шықты. Миллиондаған азаматымыз түні бойы төңкерісті бастаған террористік ұйымымен күресті.

16 шілдеде таңертең Түрік қарулы күштері, Қауіпсіздік бас басқармасы және өз демократиясын қорғауға шыққан халқымыздың күш-жігерімен опасыз төңкеріс әрекеті тойтарыс беріліп, төңкеріске қатысушылар тұтқынға алынды. Бұл күресте әскери және бейбіт тұрғындар арасында 252 адамнан айырылдық, 2 740 адам түрлі жарақат алды. 15 шілде түні Арнайы күштер қолбасшылығы ғимаратын қорғау үшін өмірін қиып қарсылық көрсеткен және төңкерісті басқарған топтың құрамына кірген генералды жойған шейіт Өмер Халисдемир сияқты батырлар төңкерісшілерге тосқауыл болды. Босфор үстіндегі көпірде өз өмірлерін пида етуге дайын болған азаматтарымыз төңкеріске қатысушыларды бейтараптандырды. Бұл – ұлтымыздың бірлігі мен жігері сыналған тарихи сәттердің бірі.

Төңкеріс әрекетінің алғашқы сәттерінен бастап Түркия үкіметі тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қабылдады. Президентіміз және жауапты тұлғалардың осы үдерісте жасаған мәлімдемелерінде төңкеріс әрекетін қолбасшылық деңгейінің бақылауынан тыс Түрік қарулы күштеріне енген заңсыз топ жасағаны анықталды.

Төңкеріс әрекетінің артында ФЕТО тұрғаны анықталды. АҚШ-та тұратын ұйымның басшысы бұл арам әрекетті мемлекет ішіндегі параллель құрылымдарды қолдана отырып жасағаны белгілі болды.

Бұл жеңіс тек Түркияда ғана емес, бүкіл әлемдік демократия тарихындағы ең лайықты қарсылықтардың бірі ретінде тіркелді.

Бүгінде күресін жалғастырып келе жатқан Түркия, әсіресе шетелге қашқан ФЕТО-ның жасырын мүшелері мен жетекшілерін қайтару мәселесі жөнінде дос және одақтас елдерден ынтымақтастық күтеді. Халықаралық қоғамдастықтың көптеген елдері Түркияға қолдау көрсетіп, ынтымақ танытқанымен, кейбір одақтас елдеріміздің төңкеріс әрекетіне реакциясы жеткіліксіз болды.

Аталған елдердің бұқаралық ақпарат құралдарында төңкеріс әрекетін ақпараттандыру тәсілі Түркияны қанағаттандырудан алыс болды. Халықаралық ауқымдағы батыстық хабар тарату ұйымдары 15 шілдеге қараған түні болған оқиғаны жеңілдетуге тырысты. Олар біздің елдің демократиясын нысанаға алған қанды төңкеріс әрекетін «екі тарап арасындағы қақтығыс» деген өкінішті сөзбен хабарлады.

15 шілдедегі опасыз төңкеріс әрекетінен кейін Пенсильванияда орналасқан ұйым басшысын экстрадициялауға көптеген әрекеттер жасалғанына қарамастан, одақтасымыз болып табылатын АҚШ-тан бұл мәселеге қатысты оңды жауап алынбай қойды. Біздің демократияға қауіп төніп тұрған сәтте, бұл көзқарас біздерүшін өкінішті жәйт болды.

ФЕТО-ның әртүрлі географиялық аймақтарда, соның ішінде біз үшін одақтас елдерде де әрекет ететінін түсінеміз. Біз Түркияның ғана емес, сонымен бірге аумағында тұрған барлық мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бұл террористік ұйыммен күресті барлық салаларда жалғастыратын боламыз.

Опасыз төңкеріс әрекетінен кейін өзінің демократиялық институттарын одан әрі нығайтқан ел ретінде біздің азаматтарымыздың өміріне және еліміздің тәуелсіздігіне қарсы әрекет ететін террористік ұйымға қарсы күресіміз барлық салада жалғасады.

Осы тұрғыда біз Қазақстан үкіметінің лаңкестікке қарсы күрестегі және елдің аман қалуы жолындағы табанды күресін жоғары бағалаймыз.

Түркияның тәуелсіздігі мен болашағын қорғап, сол қанды түнде жанын пида еткен азаматтарымызды еске алуды жалғастырамыз.

Проф. Др. Фахреттин АЛТУН,
Түркия Республикасы Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар басқармасының басшысы

1 пікір

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here