Конституция күні қарсаңында Жамбыл облысы ПД қызметкерлері марапатталды

0
448

Жамбыл облысы Полиция департаментінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы Құрмет Мәжікенов жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

– Осыдан 29 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда еліміздің Ата заңы қабылданған болатын. Осы кезеңде ішкі істер органдары азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі болды. Біздің басты міндетіміз – еліміздің Ата Заңында жарияланған құндылықтарды қорғау. Полиция қызметкерлері заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және еліміздің азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бар күш-жігерін салады, – деді ол.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге орай Министрліктің бұйрықтарымен қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, адал және мінсіз қызметі, жеке тәртібі үшін 67 полиция қызметкері төсбелгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, кейінгі буын полиция қызметкерлеріне жол көрсетіп, озық тәжірибесімен үлгі болған ардагерлерге де марапаттар табыс етілді.

Шара соңында облыстық полиция департаментінің жеке құрамы оркестр әуенімен салтанатты шеру жасап, қызметтік орындарына аттанды.

Полицейлер мерекені дәстүр бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғай отырып, күшейтілген қызметтік нұсқада өткізеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here