Шетелдегі заңды жұмыс: Оңтүстік Корея қандай талаптар қойып отыр?

0
37

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарының заңды жұмыс істеуі үшін қандай іс-шаралар атқарылып жатқанына түсініктеме берді.

«Министрлік Корея Республикасында қазақстандық жұмысшылардың құқықтарын қорғау аясында Қазақстанды Корея Республикасындағы Employment Permit System (EPS) жүйесіне енгізу жұмыстары атқарылып жатыр. EPS жүйесі өз жұмысын 2004 жылдың 1 тамызында бастады және қазірге дейін бұл жүйе бойынша 16 елдің азаматы Оңтүстік Кореяда жұмыс істей алады», – делінген Еңбек министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Айта кетейік, бұл жүйедегі жұмыс қызмет көрсету, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және балық аулау салаларында ұсынылады. EPS жүйесі шетелдікке Оңтүстік Кореяда 3 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмысшылармен келісімшарт ұзартылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде азаматтарға осы елде 4 жыл 10 айға дейін тұруға мүмкіндік береді. EPS жүйесіне қатысу үшін Корея жағы EPS дайындық орталықтарына баруды талап етеді. Бұл орталықтарда Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетіндер тілді үйрену курстарынан, көші-қоні және медициналық мәселелерге қатысты тестілеуден өтеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here