Биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын 53 жастағы Оңтүстік кореялық жазушы әйел Хан Гаң алды.
Хан Гаңның өзі Украина мен Таяу Шығыста болып жатқан соғысқа байланысты марапатын тойлаудан және қандай да бір баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартты. Қазір ол өз еліндегі Өнер университетінде жазушылық шеберліктен дәріс оқиды.
Жазушы өз сөзінде: «Суреткер өмірдегі оқиғаларды суреттеп қоюмен шектелмей, адам табиғатын зерттеуі тиіс», – деген.
Он жыл бұрын түсіме енген
Асыл тас
Қалдың ба екен үнсіз ғана сол жерде?
Ажал бір күн алды мені өзіне,
Өзен бойлап жүріп келем көктемнің кешінде
Өлім күйі, неткен тәтті ең,
Аппақ мамық тәрізді
Жеңіл едің дегенмен.
Мөлдір судың түбінен
Аппақ әрі қиыршық
Ұсақ тастар көрінуде
Жарқырай түс,
Бір, екі, үш!
Сол жерде еді
Көкшіл түсті қайталанбас
Әлгі тас.
Ойланбастан салғым келді қолымды
Кейін бірақ түсіндім
Қайта өмірге келу керек ол үшін!
Жан жүрегім езілді алғаш
Қайта өмірді сүру керек сол үшін!
Көзімді аштым
Қою қара түн іші
Түсімде аққан көздің жасы баяғыша жып-жылы
Он жыл бұрын түсіме енген асыл тас
Сол кез жиған сәттер қайда?
Сусып кеткен «әттең» қайда?
Қайта оралмас дәурен қайда?
Таң сәріде түсіме енген
Көкшіл жарық сәуле қайда?!
Он жыл бұрын түсіме енген
Асыл тас
Жарық шашқан сонау өзен шетіне
Қайта оралып, өзіңді бір көрсем деп
Қарашығы секілденіп көзімнің
Қалдың ба екен үнсіз ғана жәутеңдеп?!
* Асыл тас – түпнұсқа атауы «Көкшіл түсті тас» (Синий камень), бірақ тақырып атауы қазақ тілінде өзгеше мағына беретіндіктен әрі өлеңнің мағынасына сай, судың түбінде жарқырап жататын қиыршық тастарды «асыл тас» деп алуды жөн көрдік (Аударушыдан).
Корей тілінен аударған Шайхығали Талғат
한강 – ‘파란 돌’
십 년 전 꿈에 본
파란 돌
아직 그 냇물 아래 있을까
난 죽어 있었는데
죽어서 봄날의 냇가를 걷고 있었는데
아, 죽어서 좋았는데
환했는데 솜털처럼
가벼웠는데
투명한 물결 아래
희고 둥근
조약돌들 보았지
해맑아라,
하나, 둘, 셋
거기 있었네
파르스름해 더 고요하던
그 돌
나도 모르게 팔 뻗어 줍고 싶었지
그때 알았네
그러려면 다시 살아야 한다는 것
그때 처음 아팠네
그러려면 다시 살아야 한다는 것
난 눈을 떴고,
깊은 밤이었고,
꿈에 흘린 눈물은 아직 따뜻했네
십 년 전 꿈에 본 파란 돌
그동안 주운 적 있을까
놓친 적도 있을까
영영 잃은 적도 있을까
새벽이면 선잠 속에 스며들던 것
그 푸른 그림자였을까
십 년 전 꿈에 본
파란 돌
그 빛나는 내로
돌아가 들여다보면
아직 거기
눈동자처럼 고요할까