Үшінші алтын: Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы алтын және күміс медаль еншіледі

0
44

Бүгін, 11 ақпанда биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында биатлоннан 10 шақырым спринт додасына Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес және Александр Мухин қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Киреев 29 минут 47.4 секунд нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал, Вадим Куралес мәре сызығын екінші кесіп, ел қоржынына күміс жүлде сыйлады. Сонымен қатар, Әсет Дүйсенов пен Александр Мухин мәреге 6-7 болып жетті.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан делегациясының қысқы Азия ойындарындағы үшінші алтын медалі. Бұған дейін Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, ел қоржынына екінші алтын медаль салған еді. 9 ақпанда Қазақстан құрамасы спортшылары Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов 6 минут 59.415 секунд нәтижемен мәре сызығын бірінші кесіп, ел қоржынына алғашқы алтын медаль салды. Ал, Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындары 14 ақпанда аяқталады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here