Академик Кенжеғали Сағадиевтің еңбек жолы

0
652

1960-1963 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті халық шаруашылық жоспарлау кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы.

***

1963-1966 жылдары Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу Халық шаруашылық институтының аспиранты.

***

1966-1969 жылдары Алматы халық шаруашылық Институты (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалык, университеті) жоспарлау-экономика факультетінің аға оқытушысы, доценті, деканның орынбасары.

***

1969-1973 жылдары Алматы Халық шаруашылық институты партия комитетінің хатшысы.

***

1973-1982 жылдары Алматы Халық шаруашылық институтының оқу жұмыстары жөніндегі проректоры, сонымен қатар 1971 жылдан осы институттың материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі.

***

1982-1990 жылдары Целиноград Ауыл шаруашылық институтының ректоры, сонымен қатар 1984 жылдан осы институттың агроөнеркәсіптік кешен экономикасының кафедрасының меңгерушісі.

***

1983-1990 жылдары Солтүстік Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлар Кеңесінің төрағасы.

***

1990-1992 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумының Бас ғылыми хатшысы, сонымен бірге 1991 жылдан ҚР ҰҒА-ның Сыртқы экономикалық орталығының директоры.

***

1992-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің, Қазақ мемлекеттік Басқару академиясының ректоры, сонымен қатар ҚР ҰҒА-ның Сыртқы экономикалық орталығының директоры.

***

1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы аттестациялау комиссиясы Президиумының мүшесі.

***

1992-1996 жылдары Қазақстан Президенті жанындағы мемлекеттік кеңестің мүшесі.

***

1993-1996 жылдары 08.00.05 – өндірісті ұйымдастыру және бизнес (маркетинг, менеджмент, кәсіпкерлік және тұтынушы бизнес), 08.00.10 – қаржы, ақша айналымы және несие мамандықтары бойынша кандидаттық диссертация қорғайтын мамандандырылған кеңестің төрағасы.

***

1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының президенті.

***

1996-2001 жылдары Қазақ Мемлекеттік аграрлық Университетінің ректоры.

***

1996 жылы 08.00.05 – халық шаруашылығы экономикасы және басқаруы; 08.00.28 – өндірісті ұйымдастыру және басқару; 08.00.30 – кәсіпкерік экономикасы мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғайтын мамандандырылған кеңестің төрағасы.

***

2000-2001 жылдары Агробизнес ғылыми-зерттеу және консалтинг институтының директоры, Қазақ Мемлекетгік аграрлық Университетінің ректорының кеңесшісі.

***

2001-2004 жылдары Халықаралық бизнес университетінің Президенті.

***

2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің III шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, қаржы және қаражат Комитетінің төрағасы.

***

2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің IV шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, экология және табиғи ортаны пайдалану Комитетінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының фракциясында экономиканы диверсификациялау Кеңесінің төрағасы.

***

2012 жылдан Халықаралық бизнес университетінің президенті болып қызмет атқарды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here