Еуропалық Одақ терроризммен күреседі

0
566

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Бірінші Орталық Азия – Еуропалық Одақ саммитіне Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттерімен қатар еуропалық тұлғалар да қатысты.

Саммитте сөз сөйлеген Еуропалық Кеңес төрағасы Антонио Коста өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты: «Қазіргі халықаралық жағдайда көпжақты байланыстар мен ынтымақтастықтың маңызы өте зор. Біздің кездесуіміз Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге, бейбітшілік пен жаһандық тәртіпке деген ортақ ниетімізді нығайтуға ықпал етеді».

Коста сондай-ақ жалпы қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, көптеген қауіп-қатерлерге, атап айтқанда, Орталық Азия мен Еуропаға таралуы мүмкін терроризм, экстремизм және есірткі тасымалын, алдын алу жолдарына назар аударды.

Нәзия Жоямергенқызы, Самарқанд, Өзбекстан.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here