Білім саласындағы игі өзгерістер болашағымыз үшін…

0
3450

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы М.Жұмабаев өзінің бір сөзінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» деген болатын.

Біздің өміріміздің кез келген саласындағы сапалы өзгерістер, әсіресе білім беру саласындағы өзгерістер мұғалімнің оқыту үрдісіндегі алатын орны мен рөліне жаңаша көзқарасын қалыптастырусыз жүзеге асуы мүмкін емес. Дана халқымыз «Ой өзгермей, адам өзгермейді» дегендей, орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында енгізіліп отырған жаңа мақсаттар мен міндеттерді, жаңа технологияларды, құзыреттілікке бағытталған бағалаудың жаңа формаларын алдымен мұғалімнің өзі жан-жақты игермейінше, сапалы білімге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан кез-келген педагог оқыту үрдісін бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудегі өзгерістерді, педагогикалық қызметтің мақсаттары мен әдіс-тәсілдері бағытындағы тың өзгерістерді қабылдауға, игеруге, ізденуге дайын болуы қажет.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері  мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Жаңартылған оқу бағдарламасының маңыздылығы оқу бағдарламасының спиральдік қағидаты болып табылады. Мұндағы негізі басымдықтар оқушылар сыныптан сыныпқа өту кезінде  тілдік дағдылар бойынша меңгерген білімдері мен дағдыларын бекітіп, қайталанып тексеріліп, яғни сынып жоғарылаған сайын әр дағды элементтері бойынша  оқу мақсаттары күрделеніп отырады.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы білім беру бағдарламасының да мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы ана тілін қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тілдік нормаларды сақтап, дұрыс қолдана білуге және сауатты жазуға үйрету болып табылады.

Мұғалімдер ықшам сабақтарды жоспарлау мен өткізу барысында қазақ тілін оқытудағы белсенді оқудың әдіс-тәсілдерін кірістіре отырып, оларды оқу мақсатына сай тиімді пайдалана білді, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар әзірледі.

Қорыта айтқанда,  жаңа бағдарлама бойынша ұстаздар қауымына қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті жүктелген. 

Бүгінгі білім беру жүйесіне енгізіліп жатырған жаңалықтар мен инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана нәтижеге ие бола алады.

Кыстаубаева Камшат БОЛАТКАНҚЫЗЫ,
Күреңбел қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,
САРЫӨЗЕК АУЫЛЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here