«Ассамблеядағы үш ай»: Жандар Асан 100 күнде не істеді?

0
784

Жандар Асанның Алматы облысы Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы қызметіне келгелі 100 күн толды. Үш айға жуық уақытта маңызды құрылымда қандай өзгерістер орын алды? Осы және өзге де мәселелер жайлы Жандар Тұрарұлы Facebook парақшасында жазды.

«Құрметті достар!

Алматы облысы Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы қызметіне тағайындалғаныма 3 айдың жүзі болды.

Осы кезең аралығында жаңадан құрылған өңірдегі маңызды құрылымда атқарған жұмысыма сараптама жасауды ұйғардым.

Осы 100 күнге жуық уақытта не істедік?

БІРІНШІ. Коммуникация – тұрақтылықты сақтаудағы тиімді тетік.

Алматы облысы – еліміздегі этнос өкілдері ең тығыз қоныстанған аймақ. Бүгінде өңірде 100-ден астам этнос өкілі тұрады. Сондықтан да отандастарымызбен тығыз байланыс орнату маңызды міндет екендігі ескерілді.

Қоғамдық диалог – өзара сенім мен түсіністіктің негізгі өзегі, басты тұтқасы.

Келелі кеңес құрып, түрлі түйткілді мәселелерді оңтайлы шешу – елеулі істерді еңсеруге септігін тигізбек.

Осы ретте «Dialog» сарапшылар алаңын құрдық.

ҚХА-ның құрылымы «Қоғамдық келісім» мекемесінің жанынан құрылған клубтың күні бүгінге дейін бірнеше отырысы табысты өтті.

Клуб қызметінің маңызды бағыты – аймақта бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптейтін баянды бастамаларды іске асыруға ұйытқы болу.

***

ЕКІНШІ. Атаулы даталар өзара бірлікті нығайтады.

Биылдан бастап Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды мерекелер мен атаулы даталарды атап өтудің жүйелі механизмін іске қосты.

Атап айтқанда, қоғамдық келісімді дамытатын мейрамдарға орай жекелей кешенді іс-шаралар жоспары даярланды.

Мәселен, Алматы облысында Алғыс айту мерекесі жаңаша форматта ұйымдастырылды. Атаулы датаны мерекелеу 20 ақпаннан бастау алды. Осы мерзім аралығында өңірдегі ҚХА құрылымдары 100-ден астам түрлі бағыттағы іс-шара өткізді. Оған өңірдің 10 мыңнан астам тұрғыны қатысты.

«Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» жалпы тақырыбында ұйымдастырылған шараларда мерекенің идеологиялық маңызы жан-жақты айшықталды.

Бұдан бөлек, биыл алғаш рет Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мейрамын бір апта бойы тойлады.

«NAURYZ: Береке. Бірлік. Келісім» жалпы атауымен өткен мерекелік іс-шараларда ұлттық құндылықтарды қамтуға және этносаралық бірлікті ілгерілетуге назар аударылды.

Онкүндік аясында өңірдің әлеуетін бір мақсатқа шоғырландыруға мүмкіндік беретін ірі жалпыұлттық іс-шараларға басымдық берілді.

Бұл мерекелер халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдыруға ерекше серпін бергені анық.

***

ҮШІНШІ. ҚХА құрылымдарының қызметін жандандыру маңызды міндет.

Ассамблея қызметінің маңызын арттыруға септесетін Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің жұмыстары жүйеленіп, нақты бағыт-бағдары айқындалды.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 141 Ақсақалдар кеңестері жұмыс жүргізуде. Мүшелерінің жалпы саны: 837 адам.

Биылғы жылдың І тоқсанында барлық Ақсақалдар кеңестері облыс бойынша барлығы 500-ге жуық адамды қамтыған әр түрлі деңгейдегі 25 іс-шара өткізді.

Олардың қатарында «Ізгі қоғам құндылықтары», «Бабалар аманаты» сынды жобалар бар.

Бүгінде Алматы облысының барлық ауданы мен қаласында Аналар кеңестері құрылып, жүйелі жұмыстар атқаруда құрылған. Кеңес мүшелерінің жалпы саны 800-ден асады.

Кеңестердің құрамында зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері, көп балалы аналар, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері бар.

Аналар кеңесінің бастамасымен өңірде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында түрлі игілікті істер атқарылуда.

Жалпы алғанда, ҚХА құрылымдары облыс тұрғындарының бірлігін, ынтымақтастығын сақтауға белсенді атсалысып келеді.

***

ТӨРТІНШІ. Этномәдени бірлестіктермен байланыс артты.

Біздің аймақта түрлі этнос өкілдерінің орталықтары, қауымдастықтары мен одақтары қарқынды жұмыс істеп келеді.

Алматы облысында барлығы 36 этномәдени ұйым жұмыс істейді. Оның 24 – тіркеуден өткен және этномәдени бірлестік ретінде қызмет атқарады.

***

БЕСІНШІ. ҚХА қызметінің маңызын арттыратын жобалар жүзеге асырылады.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Bonds of Friendship» медиа жобасын бастады.

Жобаның басты мақсаты – өңірдегі этносаралық қатынасты дамытуға ұйытқы болып, қоғамдық келісімді сақтауға елеулі үлес қосып жүрген тұлғаларды дәріптеу.

Алдағы уақытта түрлі салаларда қажырлы қызмет атқарып, жұртшылық алғысына бөленіп жүрген жандардың азаматтық істері осы жоба шеңберінде кеңінен насихатталмақ.

Бұдан бөлек, арнайы энциклопедиялық жинақ пен деректі фильмдер сериясы жарық көрмек.

***

АЛТЫНШЫ. Іскер топ өкілдері облысты өркендетуге үлес қосады.

Өңірлік ҚХА жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының қызметінің негізгі бағыттары айқындалды.

Қауымдастық қайта құрылған облысқа шетелдік инвестиция тарту, жастардың start-up жобаларын қолдау, әлеуметтік маңызы бар идеяларды дамыту сынды мәселелерге назар аудармақ.

***

ЖЕТІНШІ. Ақпараттық-насихаттық жұмыстар басты назарда.

Облыстық ҚХА мен БАҚ арасындағы өзара ықпалдастық артты.

Бірқатар жетекші республикалық бұқаралық ақпарат құралы мен облыстық ҚХА арасында циклды медиа жобалар жүзеге асырылуда.

Осы уақыт аралығында ҚХА қызметі туралы 2 брифинг өткізілді, жергілікті және республикалық газет, сайт және журналдарда 957 мақала мен сұхбат жарияланды. Сондай-ақ телеарналар мен радиоларда 24 бағдарлама мен телесюжет жарық көрді.

Облыстық ҚХА-ның әлеуметтік желідегі белсенділігі артуда. Facebook, Instagram, Telegram желілерінде ресми парақшалары ашылып, ребрендинг жүргізілуде. Аталған желілерде қазақ және орыс тілдерінде күнделікті ақпарат тарату қолға алынды.

Әлеуметтік желілерді жаңғырту барысында олардың дизайндық ерекшелігі мен ондағы ақпараттық контенттің сапасына басты назар аударылуда.

Ақпарат тарату жүйесі жетілдірілді. PR іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары жүйеленді. Форс-мажор жағдайларда тиімді әрі жедел шешім қабылдау тетіктері іске қосылды», – деп жазды Жандар Асан.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here