АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ

0
355

БАҚЫТКҮЛДЕН АЛҒЫС

Ең бірінші Алла, Аллаға сан шүкірлер мен мадақтар болсын!
Қыдыр ата, Қыдыр атаның сүйікті ұлы Жанарыс Жақсылықұлына бас иемін!
Мен, Кенжеханова Бақтыкүл, Ақтөбе қаласының тұрғынымын. 2008 жылдан бері артериальды жоғары қан қысымы диагнозымен медициналық есепте тұрдым. 2017 жылдың 18 желтоқсанында АҚ 160/100мм.р.с. бас ауруымен кардиолог дәрігеріне қаралдым, бірақ тағайындалған дәрі-дәрмектен ем қонбады. 24 желтоқсанда АҚ 180/100мм.р.с. бас ауруымен кардиолог дәрігеріне бардым. Одан да оң әсер болмады. 26 желтоқсанда құдіретті Мектеп Ата шаңырағына барып, Қыдыр Ата – Жанарыс Атаның емін қабылдадым. Ем қабылдаған кезімнен бастап АҚ жоғары болса да бас ауруым жеңілдеп, көңіл-күйім жайбарақаттанып, өзімді жақсы сезіне бастадым. Төрт күнде АҚ 130/80мм.р.с. төмендеді. Оң қолым көтертпей ауыратын, ем жүрген сайын сырқырап, сыздап ауырды, бір айда жазылып кеттім. Сонымен қатар, мұрнымнан сары жабысқақ су тамшылап ағып, 20 жылдай мазалаған жазда болатын маусымдық аллергиядан арылдым. Ал, бауырымдағы киста 7 желтоқсанда УДЗ-ге түскенде анықталды, Д11*8 мм және 7 мм екеу болған. Учаскелік терапевт бірнеше анализдер тапсыруға жолдама берді. Қорытындысы бірқалыпты болды және онколог дәрігердің де қабылдауында болдым. Бұрыннан да созылмалы холецистит, панкреатит болған. Оң жақ бауырымның тұсы анда-санда майлы тамақ жегенде ақырындап ауыратын. Жылына бір рет медбайқаудан өтіп тұрдым. Қыдыр Ата – Жанарас Ата еміне келгеннен кейін 30 желтоқсанда таңғы 3:40-та бауыр тұсымнан өткір ауырсынудан ояндым. Содан кейін анда-санда ақырындап сыздап ауырып қоятын, диета сақталмаған кездерде болатын. 2018 жылы 31 шілдедегі УДЗ көрсеткішінде 1,6*1,20*1,5 см болды. 27 желтоқсандағы УДЗ көрсеткішінде 1,0*1,1 см болды. Бауырыммен қатар бүйректерім де ем кезінде сыздайды, өзімді жақсы сезінемін.
2016 жылы маусым айында скринингтен өткенде маммографиядан сүт бездерінің екеуінде де сүт бездерінің диффузды-фиброздық мастопатиясы деп диагноз қойды. Жылына екі рет УДЗ-ден өтіп, маммологке қаралып тұрдым. 2017 жылы 21 қарашада УДЗ-ден өткенде диагноз солай болды. 2018 жылы 27 желтоқсанда түскен УДЗ-де экосурет сүт бездерінде фиброзды өзгерістер бар деп берді.
2015 жылы 3 қазанда жатыр миомасына ота жасалған болатын, ауытқушылық жоқ.
Қыдыр Ата – Жанарыс Ата емін алғаннан бері ұйқым, көңіл-күйім тыныш, дәрігерлерге тек медбайқауға барып жүрмін. Жан Атаның құдіретіне басымды иемін. Алғысым шексіз.

ГҮЛСАРАДАН АЛҒЫС

Ең бірінші Алла, Аллаға сан шүкірлер мен мадақтар болсын!
Қыдыр ата, Қыдыр атаның сүйікті ұлы Жанарыс Жақсылықұлына бас иемін!
Мен, Сопанова Гүлсара, Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Мектеп Ата шаңырағына 2003 жылы қатты ауырып бардым. Диагноз: ревматизм-полиартрит. Ауруханада жатып емделдім. Сүйектерім сырқырап ауыратын. Күні-түні ұйықтамайтынмын. Буындарым тартылып қалатын. Жүруден қала бастағанмын. Тамаққа тәбетім жоғалып, әлсіреп әрең аяғымды бастым. Дәрігерлер «Бұл ауруға ем жоқ, 6 ай сайын келіп ем ала аласың» деп шығарып салды. Барар жерім болмай, қатты қиналдым. Өзім Гуманитарлық колледждің 3-курс студенті едім. Бірге оқитын группалас құрбым маған «Қыдыр Атаға бар, сені апарайын» деп мені 2003 жылы наурыз айының аяғында ертіп әкелді. Адам өте көп. Өз кезегіммен емге кірдім. Атаға бәрін айттым. Қатты жыладым. Ата жазылатынымды айтты. Музыкамен мені «биле» деп қолымнан ұстап билетті. Сол кезде құрысып, тартылып жатқан аяғым мен қолдарымның буындары жіберді. Емде отырғанда Ата менің аяғымнан басты, сол кезде екі аяғымнан тіземе қарай жылу көтерілді. Емнен шыққан соң бойым жеңілдеп, өзімді ауырмаған адамдай сезіндім. Денсаулығым жақсарып, кейін жазылып кеттім. 2006 жылы тұрмысқа шықтым. Жолым ашылды. Перзент сүйдім. Баспанам болмады. Жұмысқа орналастым. Жұмыста да жетістіктерім өте көп. Міне, Құдірет! Отбасымда береке орнады. Содан бері қиналғанда, ауырғанда Атаға барамын. Ата ешкімнен ештеңе сұрамайды. «Осынша күн келесің» деп те айтпайды. Ол әр адамның өз қалауы. Аз күн келсең ештеңе де түсінбей кетесің. Ол анық нәрсе. Арақ, темекі, шошқаның еті, «халал» болса да шұжық түрлерінен бас тарту керектігін қатаң ескертеді. Қыдыр атаның сүйікті баласы Жанарыс Жақсылықұлы еммен бірге тәрбие де береді. Мінезім өзгерді. Сабырлық пайда болды. Өсек, өтірік айтуға жол жоқ. Пара алуға, жемқор болуға, алдауға, арбауға, дуа жасауға, молаға түнеуге болмайтынын халыққа түсіндіреді. Әділ болу, Отанды, отбасын, ана тілді құрметтеуге тәрбиелейді. Дұрыс тамақтану мен дұрыс киінуді де Ата үйретеді. Әрбір адам Құдіретті сезіну керек деп ойлаймын. Ата – құдіретті, тылсым күшті, жұмбақ адам. Әлемдегі ең мейірімді асыл адам. Ата көріпкел, шындықты сүйеді. Ата Көк Тәңірді мойындатып, шындық үшін шырылдап, күні-түні ұйықтамай халыққа еңбек етіп келеді. Құдіретті адамдарға көрсетіп мойындаттырып жатса да, адамдар Атаның еңбегін әлі бағаламай, құдіретін мойындамай жатыр. Менің көз алдымда қаншама әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп ем алып жатыр. Атада барлық медицинада емі жоқ ауруларға ем бар, өз көзіммен көрдім. СПИД, қатерлі ісік, тері аурулары, аутизм, көз аурулары, адамның ішкі құрылыстарының аурулары, қан аурулары, бедеулік… Айта берсем, шексіз. Құрметті оқырман, Атадан көрген жақсылықтарды ұмытпайық! Жанарыс Жақсылықұлының еңбегін бағалап, қолдау көрсетейік! Атаға әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін! Денсаулығы мықты болсын! Отбасымен бақытты ғұмыр кешіп, ұрпағымен мың жасасын! Ақын емеспін, бірақ Аташыма арнаған өлеңім бар еді. Қабыл алыңыздар:
Мұңайған жанға қуанышын сыйлаған,
Ауырған жанға шипа сыйлаған,
Нәресте күткен жандарға,
Ұлын, қызын, егіздерін сыйлаған.
Халықты «тазартам» деп,
«Тура жолға» салам деп,
Күш, қайрат, жігерін аямаған.
Еммен бірге тәрбиесін сыйлаған,
Бар халықты «шүкірлік» пен
«сабырлыққа» шақырған,
Салауатты өмір салтын үйреткен,
Халық үшін күн-түн еңбек етіп тер төккен,
Тәңірден келген тәтті сый,
Тылсым күш,
Жұмбақ адам,
Әлемдегі ең мейірімді асыл адам
Жасай бер мәңгі, Жан атам!

ТАМАРАДАН АЛҒЫС

Аллаға сансыз шүкірлер, мадақтар болсын!
Қыдыр ата, Қыдыр атаның сүйікті ұлы Жанарыс Жақсылықұлына бас иемін!
Мен, Омарова Тамара, Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Жолдасыма 2016 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында басында «кистозный опухоль» деген диагноз қойылып, №7 Қалқаман ауруханасында операция жасалынды. Өз аяғымен жүріп барған жолдасым операциядан кейін:
1) Сол жақ аяқ-қолы жақсы жұмыс істемей қалды;
2) Орнынан қозғалып жүрген кезде, ішіп алған адам сияқты теңселіп, жүретін болды;
3) Сөйлегенде тілі анық болмай, адамдар сөзіне түсінбейді, II топтағы мүгедектік берілді.
Араға алты ай салып, тағы да «өскен басына су жиналған» деп, екінші рет сол Алматы қаласында операция жасалынды, онкологиялық-радиологиялық ауруханада лучевая терапия қабылдады. Денсаулығында ешқандай жақсы жағынан өзгеріс болмады. Керісінше жолдасым әлсіреп, жүрсе тез шаршап қалады, жүйкесі тозып, ашуланшақ болып, арықтап кетті. «Тас түскен жеріне ауыр» дейді ғой қазағым, сол айтқандай отбасымыздың берекесі кетті. Содан осы Ақтөбе қаласындағы Қыдыр Атаны естіп, 2018 жылы 21 сәуірде Атамыздың «Мектеп – Ата» киелі шаңырағына жолдасымды денсаулық сұрап алып келдім. Келгенде жолдасымның жағдайы көрініп тұр еді, Атамыздың көмекшілері (Атадан ем алып жазылған адамдар) «Іште әркімге әр түрлі ем жүреді, Сіз сырттан да ем алсаңыз болады» деді. Содан жолдасым ішке кірмей, сырттан үш-төрт күнде бір келіп, ем алды. Екі ай дегенде жолдасымда өзгерістер бола бастады. Бұл өзгеріс мен үшін, отбасым үшін қымбатқа түскен құбылыс болды. Қыдыр Ата Жанарыс Жақсылықұлына Алғысым шексіз! Жолдасым Алматыда «луч» қабылдан радиологиялық ауруханада жатқан кезінде онколог дәрігер Яна Сергеевна «Менің практикамда осы диагнозбен көп адамдар кездесті, көбісі осылай өзрессіз қалып қалды, енді сен бәріне дайын бол» деген еді. Содан «жолдасым өліп қалады екен» деген жаман ойлар санамды жаулап алып, түнде еш ұйықтай алмай, ауру бола бастадым. Содан Атаға келіп, 1-ші сеанстан соң-ақ ұйқым қалпына түсіп, бойымдағы қорқыныш, үрейден тазаландым. Керісінше, «Мен бақыттымын» деген сөзді жиі айтатым болдым. Наурыз айында жолдасым томографияға түсіп еді, нәтижесі таза шықты. Міне, бұл да Аташымның арқасында болған оң өзгерістер. Атамыздың Құдіретінің теңі де жоқ, теңдесі де жоқ! Қанша ауру адамдар келіп, Атадан ем алып, жазылып жатыр. Қыдыр Атамызда аурудың барлық түріне емі бар. Тек бұл құбылыстың бәрін келіп, көзбен көру керек. Қанша жылдан бері бір балаға зар болып жүрген отбасылар Атамызға келіп, бала сүйіп, бала бақытына, сіңлілеріміз, қыздарымыз ана болып, ана бақытына ие болып жатыр. Атамыздың мақсаты: халықтың жағдайын, тіршілігін жақсарту, қазақтың санын көбейту, қиналғандарға жол көрсетіп, жолын ашу, отбасыға береке кіргізу. Міне, Атамызды ешқашанда басқа емшілермен салыстыруға болмайды. Өйткені, Қыдыр Атамыз өмірде қайталанбайтын дара тұлға.

ЭЛЬМИРАДАН АЛҒЫС

Менің есімім – Казиханова Эльмира Білікбайқызы. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында дүниеге келдім. 2006 жылы менің омыртқамда сколиоз және жарықтар пайда болды. Дәрігерге қаралып, ем-шарадан өттім. Оның ішіне әртүрлі массаждар және дәрілер кірген. Бірақ, ем-домның әсері болмай, керісінше ауруым асқынып кетті. Қыдыр Атаның сүйікті таңдап алған ұлына – Еңсепов Жанарыс Жақсылықұлына 2008 жылы шілде айында емге келдім. Атаға сараптама қорытындыларын көрсеттім. Ол күрделі емдеу шараларын жүргізу керектігін айтты. Бұл сөздерінің мәнін бірден түсіндім, яғни мен ұзақ емделу керекпін. Бір апта шамасында ем алдым. Өз үйіме тек аса қажет болған кезде, гигиена құралдары және ауыстыруға арналған киімдер үшін ғана қайтып келгенмін. Ем аяқталды. Мен үйіме оралдым. Бір ай өткен соң түсіме Ата кірді. Ол ақ халат киіп, дәрігер кейпінде келді. Ата мені ота жасайтын үстелге жатқызып, омыртқама бір ота жүргізгендей болды. Ең соңында арқамды сипап «Сен жазылдың» деп айтты. Мұны естіп басым бақыттан айналып кетті. Содан кейін тұрсам да, жатсам да белім ауырмайтын болды. Ауру ешқашан болмағандай сезімде болдым. Келесі бір сырқатым – созылмалы бронхит. Ол мен әр күз және көктем келгенде мазамды алатын. Бір күні көктем кезінде дәрігерім маған 5 түрлі дәрі, яғни пенициллин, ампициллин, амоксиклав, цефазолин, ЦЕФ-3 қабылдау керегін айтты. Оның нұсқауын тыңдадым. Бірақ, өкінішке қарай, бұлар кері әсер берді. Себебі, менің ағзам мұндай жүкті көтере алмады. Осының нәтижесінде менде кандида ауруы пайда болды. Сырқат кезімде ақуыз диетасын ұстандым. Яғни, менің ас мәзірімнің негізі ол тауық және балық еті, жұмыртқа еді. Өзім қатты жүдеп екі айдан соң осы дертіммен Атаның көмегіне жүгіндім. Оның айтуы бойын-ша мен өлім мен өмірдің арасында жүрген екенмін. Атаның емінен кейін дертімнен жазылып, тәбетім ашылды. Науқастанған кезімде маған көмек бергені үшін Еңсепов Жанарыс Жақсылықұлына алғысым зор. Аташым, деніңіз сау болсын! Балаларыңыздың қызығын көріңіз! Алмагүл апа екеуіңіз бақытты болыңыздар!

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Әр қилы тағдырлы адамның Қыдыр Атаның сүйікті баласы Жанарыс Жақсылықұлынан көрген жақсылықтары мен олардың алғыстарын жинақтап, осылайша оқырманға ұсынғанды жөн санадым. Өйткені, сүрінгенге – сүйеу, құлағанға – тіреу, жылағанға – жұбаныш болып, он екі мүшесінде ақауы бар жандарға үміт отын сыйлап жүрген Жанарыс Жақсылықұлына алғыс айтар адамдардың қатары өте көп.
Иә, алғыс арқалаған азаматқа қарата айтылар ізгі тілектер легі көбейе берсін!

Шарипов Орынбек Ғанибайұлы,
ҚР Еңбегі сіңген қайраткері

А – Материалдың жариялану ақысы төленген

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here