Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті»

0
2307

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 169,5 мың оқырманы бар Twitter парақшасында (@TokayevKZ) Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті екенін жазды.

«Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here