Павлодардағы провизорлық стационардан соңғы науқастар емделіп шықты

0
116

Covid-19 белгілері бар пациенттерді провизорлық стационарларға сұрыптайтын аурухана бір ай жұмыс жасады. Осы уақыт ішінде триаж-орталықта 1 864 науқас қабылданды. Олардың 1 518-і ауруханаға жатқызылды, қалғандары бақылау нәтижелері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді. «Баянтау» спорт кешені негізіндегі госпитальда 25 дәрігер, 45 медбике және 45 кіші медицина қызметкері, оның ішінде екі ерікті жұмыс істеді.

Триаж-орталықтың соңғы пациенттері 1 тамызда шығарылды. Сол күннен бастап санитарлық өңдеуден кейін спорт кешенінің ғимараты жабылды. Госпитальдағы барлық жабдық эпидемиологиялық жағдай нашарлауы мүмкін кезең – күзге дейін «Баянтауда» қалады.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here