Нұр-Сұлтанда бір жылға жарамды маскалар шығарыла бастады

0
282

Нұр-Сұлтан қаласында «Qamqor Tech» қазақстандық компаниясы «Sonovia» израильдік компаниясымен бірлесіп, «Sonomask» атты медициналық маскалардың өндірісін қолға алды.

Осылайша, Назарбаев университетінің технопаркінде ультрадыбыстық технологиямен жасалған әрі бактерияларды 99,99%-ға, вирустарды 98,89%-ға жоятын бірегей маскаларды нарыққа шығарды. Бұл өнім Халықаралық стандарттарға жауап береді.

«Qamqor Tech» өкілдерінің айтуынша, бұл маска қанша жуылса да, бір жылға жарамды. Ал, «Sonomask» маскасы «Qamqor Tech» брендімен отандық нарықтан бөлек ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде де сатыла бастайды.

«Sonomask» маскасына қатысты сұрақтарыңыз болса, 8 (7172) 25-86-06, 8 747 246 22 88, 8 775 246 22 88 телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here