Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырамын»

0
2798

Бүгін, 30 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 176,2 мың оқырманы бар Twitter парақшасында (@TokayevKZ) қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақыратынын жазды.

«Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын. Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here