Жамбылдық полицейлер кісі тонау қылмысын ашты (видео)

0
392

Жамбыл облысының ПД полиция қызметкерлері Тараз қаласының 10 шағын ауданындағы бейнебақылау камералары арқылы өрескел кісі тонау қылмысын жасаған 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың 26 қарашасында Аса шағын ауданындағы (10 шағын аудан) үйдің  кіреберісінде 58 жастағы тұрғынға пайда табу мақсатында қатыгез шабуыл жасалғаны  туралы бейнебақылау камерасына жазба   түсіріліп қалғаны белгілі. Қатты мас болған жәбірленушінің дәрменсіз күйіне қарамастан, қаскүнем оны аяусыз ұрып-соғып, тонаған. Тонаушы ұялы телефон және 10 000 (он мың) теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

29 қарашада полиция қызметкерлері күдіктіні   құрықтады.  Күдікті кінәсін мойындады. Ұсталған азамат бұзақылық жасағаны үшін бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының УҰИ-ге қамаққа алынды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here