Елена Ковзель: «Жеңіл формада ауырғандарды да вакциналау керек болады»

0
292

«Вакциналау кезеңінде екпе бойынша күрделі реакциялар байқалмады, тек қойылған орында реакция болды және бұл жағдай ережеге сәйкес келеді. Ол қандай да бір елеулі аллергиялық реакцияларды болдырмауы тиісті. Иммунолог ретінде халықаралық мәліметтерге сүйене отырып, барлық коронавирустар арасында тоғыспалы реакциялар болады. Вакцина коронавирустың басқа да штамынан протективті әсерді қалыптастырады. Ғылыми негізделген мәліметтерге тоқталсақ, ауырып шыққан пациенттерде үшінші-алтыншы айда антиденелердің нөлдік деңгейге дейін төмендегенін көріп жүрміз. Аталған адамдарда сақталатын жасуша иммунитеті жеткіліксіз болуы мүмкін. Жеңіл формада ауырғандарда орнықты жасуша иммунитетін қолдау үшін вакциналау қажет екені анық», – деп санайды UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here