Семейде Әлихан Бөкейхан бейнеленген мурал салынды

0
1115

Семей қаласының орталығы, Шәкәрім даңғылындағы тоғыз қабатты үйге Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай мурал салынды. Кескіндемені Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап қаладағы Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің тапсырысымен алматылық суретші Александр Романов салды.

Суретшінің айтуынша, муралға әдейі көлеңке көп түсетін қабырға таңдалды және суреттің бетіне лак жағылады, сондықтан 10 жылдан астам уақыт өңі кетпеуге тиіс деп жоспарланып отыр.

Университет басшылығының мәліметінше, жобаға шамамен 3,5 миллион теңге жұмсалды. Жұмыс басталмай тұрып тұрғындардан қол жиналып, заң шеңберінде рұқсат алынды. Алдағы уақытта мурал салынған үйдің кіреберістеріне LED-шамдар орнатуға, ауланы абаттандыруға да көмек көрсетіледі. Ал, сурет ескірген жағдайда жаңартылып отырады. Муралдың салтанатты ашылуы бір аптадан кейін болады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, алдағы уақытта аталмыш оқу орынына Әлихан Бөкейхан есімі берілуі мүмкін. Байқасаңыз, муралда Alikhan Bokeikhan university деген жазу да бар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here