«Халық батыры – Жұбан» жинағының тұсауы кесілді

0
2158

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында ақиық ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының иегері Жұбан Молдағалиевтың туған күніне орай «Жұбан» орталығында ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, «Жұбан» медалінің иегері ардагер-ұстаз, ақын Үзілдік Елеубайқызының құрастыруымен ақын туған өңірдің келбеті мен қасиетті мекендері туралы, туған топырағы, өсіп-жетілген ортасы, әдеби шығармашылық өнерінің қалыптасуы туралы жазылған «Халық батыры – Жұбан» атты Жұбантану жинағының тұсауы кесілді.

Шара барысында ақын С.Бисенғалиевтің «Жайығына Жұбан келе жатқандай…» өлеңі, Ү.Елеубайқызының «Дарабоз бір бәйтерек» әні, ақынның сөзіне жазылған «Туған жер» әні орындалады. Сонымен қатар жаңа жинақ туралы пікірлер айтылып, қалың оқырманға таныстырылса, зиялы қауым өкілдері ой өрбітіп, естеліктер айтылды.

Аталмыш шараға аудан әкімі Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ақжайық ауданының Құрметті азаматы», Жұбан медалінің иегері ардагер-ұстаз, ақын Үзілдік Елеубайқызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, педагогика ғылымының кандидаты, қалалық мәслихат депутаты Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы, Мәдениет саласының үздігі, Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы, Орал қаласы, Зашаған кентінің әкімі Аубекеров Аққали Үмбетқалиұлы және зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері және түрлі жас шамасындағы кітапхана оқырмандары қатысты.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here