ШҚО-да көп балалы аналарға пәтер кілті табысталды

0
620

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың бастамасымен «Бір қабатты шығыс» өңірлік бағдарламаның шеңберінде Бородулиха ауданының аумағында 214 928 мың теңгеге жалпы ауданы 1380,6 шаршы метр болатын 8 қоспәтерлі тұрғын үй (16 пәтер) салынды. Тұрғын үйлер Бородулиха ауылында: Қазақстан, Подборный көшелерінде, «Кең дала» шағын ауданында және Новая Шульба ауылында Гагарин көшесінде салынды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында Новая Шульба ауылының екі көпбалалы отбасына әрқайсының ауданы 86 шаршы метр болатын жаңа үйлердің кілттері табысталды. Үйлер заманауи технологиямен салынған, қажетті барлық инфраструктурамен жабдықталған. Жарық тартылып, пешпен жылытылатын, су құбыры кіргізілген, кәріз жүйесі де бар. Бүгінгі таңда 10 адам баспанамен қамтылды.

Аталған бағдарламаның арқасында ауданның 80-нен астам көпбалалы және азқамтылған тұрғындары баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here