Ақтауда Маңғыстау ауданының күндері өтті

0
692

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағымдағы жылдың 12-13 қараша күндері облыс орталығы Ақтау қаласында Маңғыстау ауданының күндері өткізілді.

Шара аясында Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай мен Маңғыстау ауданының Т.Көшмағанбетов Ақтау мен тарихы таста қалған Маңғыстау ауданы бірлесе туризмді дамыту, тәжірбие алмасу арқылы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ынтымақтастық кездесуі, аудан ардагерлері мен аудан активінің «Мәңгілік алау», жыр жүйрігі Қашаған Күржіманұлы мен абыз тұлға Әбіш Кекілбаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою шарасы өтті. Сонымен қатар ауданнан шыққан ұлы тұлға Серікбол Қондыбаев атындағы №22 мектеп –гимназиясымен танысу және сәбилер үйіне қайырымдылық шарасы өткізілді.

Аудан күндері Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде қолөнер және ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесі мен аудан өнерпаздарының «Шерқала-жыр, Айрақты-ән» атты концертік бағдарламасына ұласты.

13 қараша күні шара Маңғыстау ауданы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жалғасты. Аудан шаруалары ет,сүт өнімдерін базар бәсінен арзан бағада облыс орталығы тұрғындарына ұсынды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here