Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бейнеу ауылын көркейту мақсатында бірнеше нысан жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір аудан орталығындағы орталық саябақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық саябақты абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс ұйымдастырылып, нәтижесінде «Global West Construction» ЖШС жеңімпаз атанды.
– Абаттандыру жұмысы сәуір айында басталып, 4 айға созылды. Қазір жұмыстар толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Жұмыс барысында 30 жарықшам және саябаққа арналған 10 орындық орнатылған. Сондай-ақ, өрнекті тастар төселді, – деді Бейнеу ауылының әкімі Расул Тайшыбаев.