«Мемлекет қайраткері Ләззат Қиынов» кітабының тұсаукесері өтті

0
1330

7 желтоқсан күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Мемлекет қайраткері Ләззат Қиынов» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кітапта Маңғыстау облысының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Ләззат Қиыновтың өмірбаяны қамтылған. Ол Қазақ КСР 12-ші шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 1993-1995 және 1999-2002 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2002-2003 жылдары «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының президенті, 2011-2013 жылдары «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері. Жинақтың бірінші бөліміне публицист Шархан Қазығұлдың «Қырандар төбеге қонбайды» деректі повесі енгізілсе, екінші бөлімде Ләззат Кетебайұлының мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шараға қатысушыларды ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Ләззат Қиыновтың Қазақстанның дамуы жолында еткен қызметіне тоқталып, еңбегін атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here