«Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» бойынша еңбекақы мөлшері артады 

0
372

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.

Үкімет басшысы жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу ұзақтығы мен еңбекақы мөлшерін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Аталған жобалар бойынша еңбекақы мөлшерін 20-25 АЕК-тен 30 АЕК-ке (91 890 теңге) дейін арттыру көзделген. Ал, «Жастар практикасының» мерзімі 6 айдан 12 айға дейін, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы 12 айдан 18 айға дейін ұзартылады.

«Жастарды оқыту, кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру мәселелеріне көбірек көңіл бөлу қажет. Тиісті тармақтар Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасына енгізіледі», – деп атап өтті 49 жастағы премьер.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here