Тұрғын үйлердің құрылысын «Е-Құрылыс» жүйесі арқылы онлайн бақылауға болады

0
835

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында қазақстандықтар тұрғын үйлердің құрылысын «Е-Құрылыс» жүйесі арқылы онлайн бақылай алатынын хабарлады.

«Бүгінде құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде құрылыс материалдары өндірісінде 2 472 кәсіпорын бар. Жұмыспен қамтылғандар – 641 мың жұмыскер мен маман. Біз жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту жөніндегі саясатты одан әрі жалғастырамыз», – деді Қайырбек Айтбайұлы.

Министр тұрғын үйдің қымбаттауына жол бермеу бағытындағы шараларға тоқталды. Министрлік сол үшін үш бағытта жұмыс жүргізіп жатыр:

Біріншісі – құрылыс саласын цифрландыру;

Екіншісі – баға белгілеу жүйесін жетілдіру және құрылыстағы бақылауды күшейту;

Үшіншісі – құрылыс материалдары өндірісін дамыту.

«Құрылыс саласын цифрландыру бойынша «Ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі» енгізіліп жатыр. Ол құрылыс объектілерін онлайн форматта, оның ішінде ақпараттық модельдеу технологияларын (BIM-технологиялар) қолдана отырып модельдеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде «Е-Құрылыс» жүйесі онлайн-режимде қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдегі құрылыс процесін бақылауға мүмкіндік береді», – деп нақтылады Қайырбек Айтбайұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here