Бейжің-2022: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

0
301

Бейжің Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасында 34 спортшы бар, олар 87 жолдама иеленген. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Шаңғы жарысы – Виталий Пухкало, Евгений Величко, Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашкина және Ангелина Шурыга.

Фристайл-могул – Юлия Галышева, Аяулым Амренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков.

Шаңғы акробатикасы – Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев.

Тау шаңғысы – Ерлер арасында Захар Кучин (слалом мен гигантты слалом) мен әйелдер арасындағы слаломда Александра Троицкая.

Шаңғымен секіру – Сергей Ткаченко мен Данил Васильев, шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаров.

Биатлон – Галина Вишневская-Шепоренко, Александр Мухин мен Владислав Киреев, конькимен жүгіру спортынан Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников пен Денис Кузин.

Шорт-трек – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Ольга Тихонова.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here