Әскерилер жүк пойызына қатысты оқиға орнында көмек көрсетуде

0
1330

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қарағанды облысында жолдан шығып кеткен жүк пойызымен болған оқиғаның салдарын жоюға жәрдемдесуде. Оған жеке құрамнан 100-ден астам адам мен арнайы техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға биыл 1 ақпанында орын алды. Жүріп келе жатқан жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кеткен. Салдарынан теміржол төсемі, электр желілері зақымдалды. Әскери эшелондардың қозғалысына орын алған оқиға әсер еткен жоқ.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін азаматтық міндеттерді шешуге жұмылдыру ел экономикасын одан әрі дамыту мақсатында ұлттық көлік инфрақұрылымының тұрақты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here