Үкімет басшысы Қаржы министрлігіне тапсырма жүктеді

0
699

Бүгін, 22 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысын өткізді. Отырыста кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселесі қаралды. Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады.

ҚР Үкіметінің басшысы Қытаймен арадағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы соңғы 4 жылда 20%-ға қысқарғанын атап өтті. Бүгінде Қаржы министрлігі 5 мыңнан астам тауар позициясының құндық индикаторларын қайта қарады. Әлихан Смайылов уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды заң жүзінде күшейту мәселесін қарауды тапсырады.  Пандемияға байланысты шектеулер салдарынан Қазақстан-Қытай шекарасында көліктер тұрып қалған. Уақытша жабық тұрған өткізу пункттерінің жұмысын қалпына келтіру мақсатында қытай тарапымен биылғы жылғы 15-ақпаннан бастап жұмыс істеп тұрған «Нұр Жолы», «Бақты» және «Достық» өткізу пункттерінен бөлек, «Майқапшағай» өткізу пунктінің жұмысын қалпына келтіру туралы келісімге қол жеткізілді.

Бүгінде елімізде кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралар кедендік әкімшілендіру процесін оңтайландыруға, кедендік рәсімдер кезінде бизнесті жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың толық төленуін қамтамасыз етеді. Ә. Смайылов «Астана-1» және «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйелерінің сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.  Бүгінгі күні кедендік декларациялардың 100%-ы қашықтан тапсырылады. 4 млн астам кедендік декларация шығарылды, оның 82%-ы 1 минут ішінде автоматты түрде өткізілген. Қазіргі таңда 5 мыңға жуық пайдаланушы тіркеліп, мемлекеттік органдармен 15 интеграция жүзеге асырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here