Сәуір айынан бастап төлем әдісіне және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электрондық жол жүру құжаттары бойынша орындарды онлайн қайтаруға болады. Ол үшін пойыз жүретін уақытқа дейін 1 сағаттан артық уақыт болуы тиіс.
Орынды қайтаруды рәсімдеу үшін:
- RAILWAYS.KZ сайтының басты бетінде «Талап бойынша орынды қайтару» қосымша бетін таңдау;
- қажетті бағандардың бәрін толтырып, орынды қайтару туралы түбіртекті жүктеп алу қажет.
Орындарды қайтару туралы толық ақпаратпен https://bilet.railways.kz/ арқылы өтіп танысуға болады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін ақша қаражатын қайтару орын сату жүйесіне қайтарылған жағдайда жүргізілетінін еске салады.