Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мешіт ашылды

0
283

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының Исаев ауылында Ұлт ұстазының есімі берілген жаңа мешіт ашылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Баспасөз қызметі хабарлады.

Мешіт құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Ол 500 адамға арналып, дәрісхана мен дәретхана, көлік тұрағымен қамтылған.  Мешіттің ашылуына Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов қатысты.  

«Ұлт ұстазының есімімен аталған жаңа мешіт ел бірлігі мен ынтымағына қызмет ете берсін. Мешіт – діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін тәрбие ордасы», – деді ол. 

Мадияр Пірімқұлов мешітке Құран Кәрімді және арнайы сыйлықты жаңа имамға тарту етіп, мешіттің салынуына үлес қосқан кәсіпкер азаматтарға алғысын білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here