«Өнегелі келін» республикалық байқауы жарияланды

0
3272
Келін – қазақ отбасындағы нағыз ұйытқы болатын жан. Сол себепті, қазақ халқы ежелден келіннің тәрбиесіне, мінезіне, қайын жұртымен қарымқатынасына аса жоғары көңіл бөлген. Әрі «анасына қарап қызын ал» деп қыздың шыққан тегіне, отбасындағы тәрбиесіне де аса байыппен қараған. Қазақ тәрбиесіндегі маңызды отбасылық құндылықты сақтайтын қазақ келіндерінің тәрбиесін, ізгілікті жолын сақтай отырып, болашақ ана, асыл жар, қазақ келіндерін ұлттық рухта тәрбиелеу, ана тілін, ұлттық мәдениетін құрметтеу, жас отау тәрбиесін ұғындыру, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақы қалыптарды сақтап, заман талабына сай жанжақты дамыған тұлға етіп, болмысын қалыптастыру мақсатында «Өнегелі келін» тақырыбында байқау өткізілмекші. Осыған орай, қазақы тәрбиені бойына сіңірген, он шақты жылдық келіндік өмірдегі тәжірибесі бар, болашақ жас келіндерге айтары, үйретері бар қазақ келіндерін білгенімен бөлісіп, байқауға қатысуға шақырамыз.

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫІ. Байқау екі кезеңнен тұрады;
ІІ. Он шақты жыл және одан да жоғары отбасылық өмірдегі тәжірибесі бар келіндер қатыса алады;
ІІІ. Әр өңірдің сәлем салу, орамал тарту, ат тергеу дәстүрі, ұлттық тағамдарды әзірлеуі мен шай құю үрдісі, бала күтімін жасауға қатысты өзіндік әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасып, өздерінің бойындағы кесте тігу, ән салу, би билеу секілді өнерлерін көрсете алады. Аталған шарттарды бейнеролик арқылы onegeli-kelin@mail.ru поштасына жіберуі керек.

ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

І. Қатысушы өзі туралы толық мәліметті;
ІІ. Бейнеролик арқылы жоғарыдағы шартта көрсетілген тапсырмаларды +7 777 681 43 91 байланыс нөміріне және onegeli-kelin@mail.ru поштасына жіберуі тиіс.
Ескерту: Іріктеу кезеңі хабарландыру шыққан күннен бастап, 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

АҚТЫҚ КЕЗЕҢ

Іріктеу кезеңнен өткен қатысушылар ақтық кезеңге жіберіледі. Ақтық кезең офлайн түрде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында, Алматы қаласы, Нұркент №6 мекенжайында өтеді.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
Ақшалай, заттай сыйлықтар

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Рабиға Қалдыбайқызы

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ
+7 777 681 43 91

АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУШЫ
«Qazaq» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here