Түркияда ұлттық көне жәдігерлер көрмесі өтті

0
1254

17 шілде күні Қазақстан мәдениет және сауда орталығы (Ыстанбұл) мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы бірлесе отырып, Түркия мемлекетінің 100 жылдығы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының құрылғанына 30 жылдық мерей тойына орай «Атадан қалған асыл мұра» атты Қазақтың ұлттық көне жәдігерлер көрмесін өткізді.

Қазақстан мен Түркия екі елдің достық қарым-қатынасының дамуы мен мәдениетінің тоғысуын одан ары дамыту мақсатында Түркиядағы қазақ қандастарының ұлттық жәдігерлерін халыққа, жас ұрпаққа дәріптеу негізінде ұйымдастырылды. Көрмеге Ғайни Орхан, Абдурахыман Четин, Абдусамет Алтай, Мәнсұр Тәйжі, Девріш Қылыш  т.б. қандастарымыздың аталарынан мирас болып, 1,5 ғасырдан астам уақыт сақталған қазақтың ұлттық бұйымдары мен мұралары қойылды.

Көрменің ашылу салтанатында ТҮРКСОЙ-дың арнайы өкілі Езгы Зорлы ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раевтің арнайы құттықтау хатын оқыды. Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төрағасы Ғанимет Қайса, орталық орынбасары Ержан Уәйіс, Түркі әлемі мәдениет аймағының басшысы Метин Кескін, «Түрік дүниесі» қауымдастығының төрағасы Осман Думан, «Ақ» партияның Ыстанбұлдағы әйелдер бөлімінің меңгерушісі, қандасымыз Рашида Юуксел, Түркі қоғамдық бірлестіктері ұйымының төрағасы Мұхаммет Ариф Геніш, қоғам қайраткері, қандасымыз Фалыз Топлы т.б. қоғам қайраткерлері қатысып, құттықтау сөзін сөйледі. Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Көрме соңында ТҮРКСОЙ-дың өкілі Езгы Зорлыға арнайы камзол кигізіліп, көрмеге қатысқандарға ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағасы Ғанимет Қайсаұлы атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here