Елімізде Ахмет Байтұрсынұлы атында 1 ауыл, 200 көше, 39 мектеп бар

0
184

Қазақстанда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілген 1 ауыл, 1 әуежай, 1 музей, 200 көше, 39 мектеп бар. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Елордада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты.

«Біздің министрлік Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 12 томдық шығармалар жинағын шығарып, республикалық, облыстық, аудандық кітапханаларға таратады. Сонымен қатар, ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық метражды көркем фильм түсіріледі. Осы айда Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын жас мамандарға насихаттап, кітапхананың мәртебесін көтеру мақсатында кітапханашылардың республикалық төртінші слеті де өтеді», – деді Дәурен Әскербекұлы.

Министрдің айтуынша, Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының музей үйіне реставрациялық жұмыс жүріп жатыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here